Жарылыс салдарынан 10 адам қаза тауып, 15-і ауыр жараланған. Зардап шеккендердің көбі – көне сәулет нысандарын көруге келген шетелдік туристер екен. Мәліметтерге қарағанда, жанкешті қаннен-қаперсіз қыдырып жүрген жұрттың қақ ортасында тұрып өз-өзін жарып жіберіпті. Оқиға орнында бомба қалдықтары шашылып қалған. Лаңкестік әрекет қайталануы мүмкін деп қауіптенген түрік сақшылары қазір жарылыс болған аумақты тінтіп жүр. Осы алаңда орналасқан Ая-София, Сұлтанахмет мешіттері де жіті қадағалауға алынды.