Маңғыстау облысында тұтас аудан қыста батпаққа батып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында тұтас аудан қыста батпаққа батып қалды

Маңғыстау облысында тұтас аудан қыста батпаққа батып қалды

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданы тұтас батпаққа батып қалды. Мұндағы оннан астам ауылдың 130 мың тұрғыны толарсақтан саз кешіп жүр. Су аралас лай тіпті кейбір үйлерге кіріп кеткен. Əкімдіктерден көмек болмаған соң олар жолдарға өздері құм төсеуге кірісті. Қаңтарда қарға емес, балшыққа батқан жұрттың жайын Сандуғаш Шортанова айтсын.

  • 13 Қаңтар 2016
  • 256
Фото - Caravan.kz

-Мұнайлы ауданының жолдары қазір батпақтан көз ашпайды. Бұл әсіресе, жаяу жүргіншілерге қиын соғып тұр. Батпаққа бір кірген бала түгілі, ересектер де аяғын алып шығуы екіталай.

Бұл Басқұдық ауылы. Тұрғындар балшықты күндері резеңке етік киіп күнелтеді. Оқушыларға тіпті қиын. Олар суды кешіп өтуге мәжбүр.

Сапаргүл Ембергенова, Басқұдық ауылының тұрғыны:

-Мына жер теңіз болып тасыды. Үйімізге кірді. Дәретханаға  шыға алмай қалдық.

Жергілікті әкімдік қардың суы басқан 78 көшені тазартып үлгере алмай жатыр. Жыл сайын қайталанатын жағдайға олар биыл да дайын болмай шықты.

Өсер Тілепов, Басқұдық ауылы әкімдігінің бас маманы:

-Жаңбырға шектеу қоя алмаймыз. Қашан тас төселеді?

– Оны мен айта алмаймын.

Әкімдіктен қайран болмайтынын халық әлдеқашан ұққан. Сөйтіп әр үй ақша жинап, ойқыш-ойқыш жолдарды тегістетіп алыпты. Алайда жауын бір жауғанда-ақ ол балшыққа айналған. Енді басқұдықтықтар тағы ақша жинауға шамамыз келмейді дейді. Сондықтан әкімдіктен жолына қиыршық тас төсеп беруін талап етіп отыр.

-Қар жауғалы біздер бір апта, міне, бір аптадан бері далаға су шығарамыз
.

Ал мынау Атамекен ауылындағы жағдай. Еріген қар үйлерге кіріп жатыр. Жасы 70-ті алқымдаған Ұлжан Қанабаева немерелерімен бірге ауласын бір апта бойы тазартумен әлек.

Ұлжан Қанабаева, Атамекен ауылының тұрғыны:

-Неше күннен бері насоспен сорып жатырмыз. Әкімшілікке өзім екі кезек ақ жаулығыммен бардым. Жәрдем береміз, машина жібереміз деп еді, жіберген жоқ.

Әр үй 10 мың теңгеден жинап, айналаға құм төсей бастады. Бірақ бұдан да қайран болмайтын түрі бар. Тағы бір жауын жауса, көл болған көшедегі су қайта көтеріледі. Әкімдіктегілер болса, тек шарасыздық танытып отыр.

Нұрлан Уәзіров, Атамекен ауылы әкімінің орынбасары: 

-Апа, жұмы істейміз, сорамыз. Өзіміздің де техникамыз жоқ. Бір мекемеден сұрап алып жүрміз уақытша…

Ал бұл ауылдарға жол таяу жылдары төселмейтін секілді. Оған ауыз су тартылған соң ғана кіріспек. Бірақ судың да қашан берілетіні әлі белгісіз.