Доллар тағы тоқтаусыз өсіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар тағы тоқтаусыз өсіп жатыр

Доллар тағы тоқтаусыз өсіп жатыр

Доллар бағамы тағы тарихта болмаған антирекорд орнатты. Тоқтаусыз өсіп жатқан АҚШ ақшасы бүгін тура 12 теңгеге қымбаттап 367-ге  жетті. Бірақ, ресми курсқа бағына бермейтін жеке айырбастау нүктелерінде 370 теңгеден сатылып жатыр.

  • 13 Қаңтар 2016
  • 170
Фото - Caravan.kz

Ұлттық Банкке Данияр Ақышев келгелі доллар 81 теңгеге қымбаттаған екен. Мәселен, қарашада қызметіне кіріскен Ақышевтің алғашқы жұмыс аптасында Америка ақшасы 307 теңгеге жетіп, келесі күні 322-ге бір-ақ секірген. Ал желтоқсанда көк қағаз қайта тез өсіп 350-ден сатылды. Қаңтар айында арыны сәл басылып курс төмендегенімен ол ұзаққа созылған жоқ. Бүгін енді қайтадан 370-ке көтеріліп отыр. Теңгенің құнсыздануына осымен 7-ші тәулік қатарынан әлемдік нарықтағы мұнай бағасының еселеп арзандауы себеп. Қара алтын құны да соңғы 12 жылда болмаған межеге түсіп, баррелі 31 доллардан саудалануда. Жаһанда геосаяси жағдайдың ушығып тұрғанын ескерсек, мұнайдың әлі де 20 долларға дейін түсуі ықтимал.