ЖОО түлектері мемлекеттік қызметті төменгі лауазымнан ғана бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЖОО түлектері мемлекеттік қызметті төменгі лауазымнан ғана бастайды

ЖОО түлектері мемлекеттік қызметті төменгі лауазымнан ғана бастайды

ЖОО-ны тәмамдаған жас мамандар мемлекеттік қызметті ашық конкурспен өтіп, тек төменгі лауазымнан ғана бастайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы Саян Ахметжанов мәлім етті.

  • 13 Қаңтар 2016
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Жұмысқа жаңадан келген азаматтар мемлекеттік қызметке тек ең төменгі әкімшілік лаузымнан бастайды, конкурстық іріктеумен ғана тағайындалады. Ары қарай оның мансабы мемлекеттік қызмет сатысында біртіндеп, тәжірибе жинағанына және біліміне сәйкес келесі лауазымның біліктілік талаптарына қарай конкурсқа қатысып, осындай іріктеумен және конкурстық ашық тағайындаумен ғана жоғарылайды»,-деді С. Ахметжанов.

Оның сөзіне қарағанда, биыл жоғары оқу орнын тәмамдаған жас мамандар ашық конкурс арқылы тек төменгі лауазымнан ғана мемлекеттік қызметін бастайтын болады.