Алматыдағы трамвай жолы көлік тұрағына айналған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы трамвай жолы көлік тұрағына айналған

Алматыдағы трамвай жолы көлік тұрағына айналған

2015 жылдың 31 қазанынан бастап Алматы қаласындағы трамвай депосы апаттық жағдайға байланысты өз жұмысын уақытша тоқтатқан болатын.

  • 13 Қаңтар 2016
  • 509
Фото - Caravan.kz

Осы жағдайды Алматыдағы жүргізушілер өз мақсаттарына пайдаланып жатыр. Қалада трамвай жолы жүргізілген кейбір көшелерді автокөлік жүргізушілері көлік тұрағына айналдырып жіберген. Ең үлкен «автотұрақ» Торайғыров көшесі мен Өтепов көшесінде орналасқан. Caravan.kz медиа-порталының тілшісі аталған көшелерге барып қайтты.

Торайғыров көшесі (бұрынғы Фрунзе көшесі) көлік жүргізушілерінің ең сүйікті орнына айналған.

Жүргізушілер көліктерін еш қысылмастан Саин көшесінің қиылысына жақын жерге, рельстің үстіне қойып кеткен. 

«Қазір бәрібір де трамвай жүріп жатқан жоқ қой – сосын қойып қойған. Олар кімге кедергі жасайды дейсіз? Ең бастысы, кіретін, шығатын жерді жауып қалмаса болды», — дейді жергілікті тұрғын Татьяна Панова.


Каблукова көшесінен де бірнеше көлікті байқадық.
Сонымен қатар, көлік жүргізушілері Өтепов көшесіндегі трамвай жолына да көліктерін қойып кеткен. 
"Мұндай адамдарға айыппұл салу керек. көліктерін жөнсіз қойып қояды. Сосын өте алмай жүресің. Әрине, бәрі емес, дегенмен көпшілігі сондай", — дейді Асия апай.