Стамбұлдағы жарылысты Сириядан келген жанкешті жасаған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стамбұлдағы жарылысты Сириядан келген жанкешті жасаған

Стамбұлдағы жарылысты Сириядан келген жанкешті жасаған

Түркия билігі Стамбұлдағы жарылысты Сириядан келген жанкешті жасады деп мәлімдеді. Өздеріне «Ислам мемлекеті» деп ат қойып алған лаңестік ұйымның баскесерлері Сұлтанахмет алаңынан басқа тағы бірнеше нысанды жарып жібермек болған екен.         

  • 14 Қаңтар 2016
  • 255
Фото - Caravan.kz

Бірақ жылмысқы жоспарды іске асырғысы келгендерді түрік сақшылары тәулік өтпей түгел тұтқындады. Араларында Ресей азаматтары бар көрінеді. Бір ғана Стамбұлдан 60 содыр ұсталған. Күдіктілердің тең жартысы жанкештілердің қатарынан екен. Ал туристер көп жүретін Сұлтанахмет алаңындағы жарылысты 27 жастағы содырдың жасағаны мәлім болды. Қастандық салдарынан 10 адам опат болған. Оның сегізі Германия азаматтары.