Анкетада шенеуніктерге «Жұмысыңыз ұнай ма , оны қалай бағалайсыз?» «Әріптестеріңізбен жұмыс істегіңіз келе ме?» деген сауалдар қойылады. Тіпті өзі сыйлайтын беделге ие әріптесінің аты-жөнін жазу сұралмақ. Сауалнама құпия өткізілетіндіктен жауаптарды атқамінерлерден басқа ешкім оқи алмайды. Осылайша министрлік ұжымдардағы шынайы ахуалды ерте білсек жанжалға жол бермейміз деп отыр. Оның үстіне министрлік, әкімдік, басқармалардағы жағдай қолайлы болса, еңбек өнімділігі де артады екен.
Айгүл Шаимова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің орынбасары:
-Сауалнама арқылы мемлекеттік мекемелердегі моральдық-психологиялық жағдайды біліп отырамыз. Анкетаның қортындысы сараланып, шикілік анықталса, басшыларға ахуалды жақсарту міндетеледі.