Ел бюджеті қайта қаралмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел бюджеті қайта қаралмақ

Ел бюджеті қайта қаралмақ

Республикалық бюджет қайта қаралмақ. Дереу өзгерту енгізуге  әлемде мұнай бағасының күн сайын арзандап жатқаны себеп. Енді Үкімет 3 жылға жоспарланған кіріс-шығысын доллардың жаңа курсымен есептеуі тиіс.

  • 14 Қаңтар 2016
  • 187
Фото - Caravan.kz

Өйткені, еліміздің басты қаржылық құжаты мұнай баррелі 40 доллар боп тұрғанда есептеліпті. Бірақ, қара алтын қазір 29 долларға түсті. Сарапшылар баға әлі төмендейді деп болжайды. Сәйкесінше, мұнаймен бюджетін жауып отырған Қазақстан үшін бұл алаңдатарлық жағдай. Ал бюджет қайта есептелсе, ауқымды жобаларға бөлінген миллиардттар әжептәуір қысқарады. Министрлер кабинеті келесі аптада экономикалық кеңес өткізіп, қазынадағы ақшаны қайта калькуляторға салмақ. Бұған дейін Универсиада, ЭКСПО-ға бөлінген 70 миллиард теңге қысқартылған еді. Бұл жолы да мемлекеттік мекемелер жаппай үнемге көшірілмек.

Бақыт Сұлтанов, ҚР қаржы министрі:

-Өткен жылдың аяғында мұнай бағасы 20, 30 долларға түссе іске асыратын жоспарларды дайындадық. Келесі апта премьер-министрмен бірге ауқымды жиналыс өтеді. Бюджетті қайта қарау сол жерде шешілуі тиіс.