Куәлердің айтуынша, учаскенің жанында машина жарылған, оған бомба қойылды деген болжам бар. Журналистердің деректеріне сәйкес, жарылыс салдарынан әйел адам баласымен бірге қаза тапқан, 22 адам зардап шекті, деп хабарлады Би-Би-Си.
Ақпарат әзірге ресми расталған жоқ.
Бұл соңғы екі күнде Түркияда орын алған екінші жарылыс. Таңертең 12 қаңтарда Ыстамбұлда жанкешті жарылғыш затты іске қосқан. Салдарынан 10 адам қаза тапты. Олардың 8-і неміс туристері.