Есте сақтау қабілетінен айырылған әйел жақындарын іздестіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есте сақтау қабілетінен айырылған әйел жақындарын іздестіруде

Есте сақтау қабілетінен айырылған әйел жақындарын іздестіруде

Қостанай қалалық ауруханасында емделіп жатқан науқас туыстарын іздейді. Емдеу мекемесіне әйел адам желтоқсанның 31-і күні Жаңа жыл қарсаңында түскен. Оны жедел жәрдем мамандары полиция қызметкерлерімен бірге әкеліп жатқызған. Өзі мекенжайы мен аты-жөнін білмейді. Жеке басын анықтайтын құжаттары да жоқ. Қазір дәрігерлер кешенді емдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, бірақ нәтиже жоқ. Полицияға да, қалалық ауруханаға да әйел адамның жоғалғаны туралы еш ақпарат түспеген.

  • 14 Қаңтар 2016
  • 407
Фото - Caravan.kz

Қалалық аурухана емделушісі:

— Алдын ала болжам бойынша, басыма тиген соққының әсері болуы тиіс. Психолог өткенім есіме түсер деген үмітпен күнде келіп, ақпарат алуға тырысады, бірақ нәтиже жоқ.

Игорь Войтов, қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

— Науқастың басында қандай да бір жарақат, басқа да сырқат белгілері болуы мүмкіндігін анықтау мақсатында барлық диагностикалық шараларды жүргіздік. Аспаптық-зертханалық зерттеулер де жасалды. Психиатрлар, психологтар жүйке жүйесінде кінарат бар-жоғын қарады. Бірақ ауытқушылықтар табылған жоқ. Сондықтан неліктен осындай жағдайға душар болғанын дөп басып айту қиынға соғып тұр. Қостанай қалалық ауруханасында жатқан әйел адамды танитын адамдар болса немесе туыстары табылып жатса, 102 нөміріне хабарлауды өтінеміз.