Ким Чен Ын Пхеньянда сутегі бомбасын жасаушыларға банкет берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ким Чен Ын Пхеньянда сутегі бомбасын жасаушыларға банкет берді

Ким Чен Ын Пхеньянда сутегі бомбасын жасаушыларға банкет берді

КХДР басшысы Ким Чен Ын сутегі бомбасын жасап, сынақтан өткізуге қатысқан ғалымдар, технологтар және жұмысшалар тобына құрметін көрсетіп, банкет ұйымдастырды, деп хабарлады tass.ru. 

  • 14 Қаңтар 2016
  • 450
Фото - Caravan.kz


Бейсенбіде жергілікті ЦТАК ақпараттық агенттігі хабарлағандай, Пхеньянда 8-13 қаңтар аралығында Кымсусан мемориалдық кешенінде Ким Ир Сен мен Ким Чен Ирді еске алды.
Ядролық қару мамандарына таяуда ашылған ірі ғылыми-техникалық кешенді, Оқушылар сарайын, Мунсу заманауи сумен сауықтыру кешенін, бірқатар көрікті жерлерді көрсетті.
Кореяның еңбек партиясы ОК ғимаратында Ким Чен Ын 12 қаңтарда термоядролық қару жасап шығарғандарға партиялық және мемлекеттік наградалар табыс етті.