Полиция мен дәрігерді өтірік шақыртқан Петропавл тұрғынына айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полиция мен дәрігерді өтірік шақыртқан Петропавл тұрғынына айыппұл салынды

Полиция мен дәрігерді өтірік шақыртқан Петропавл тұрғынына айыппұл салынды

Полицейлер мен дәрігерлерді бекер әуре қылған әпенді 60 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Ол өзін белгісіз біреулердің ұрып-соғып, құдыққа лақтырып кеткенін хабарлаған. Бірақ тәртіп сақшылары араққа тойып алған оны өз үйінде ұйықтап жатқан жерінен тауыпты.  

  • 15 Қаңтар 2016
  • 158
Фото - Caravan.kz

Петропавлдың 39 жастағы тұрғыны 102 емес, жедел жәрдемге хабарласыпты. Ондағылар дереу тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған. Полицейлер  телефон шалған адам айтқан аудандағы барлық құдықтар мен жертөлелерді тексерген. Ал жалған хабар берген апталдай азамат бұл кезде өз үйінде мас боп ұйықтап жатыпты. Енді әзілқой бұл қылығы үшін 60 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.