Ұсталған екі азамат та Алматы облысының тумалары. Таңғы және кешкі мезгілде ұрлыққа шыққандар негізінен әйелдердің сөмкесін, әмиянын, ұялы телефоны мен құжаттарын қолды қылып отырған. Сұғанақтарға санаулы минуттар ғана жеткілікті болыпты. Бұнымен тоқтамағандар тіпті сөмкелердің бірінен пәтердің кілтін тауып, жәбірленушінің үйін де тып-типыл етіп кеткен. Әзірге бұлардың осындай жеті қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Бірақ жапа шеккендер саны әлі де артуы мүмкін.