Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер таратқан мәліметтерге қарағанда, Ақмол, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең кей жерлерінде тұман болып, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күн қатты ысиды. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.