Аталған бағдарламаның іс-шараларына сәйкес аудан, қала деңгейінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңде түсіндіру жұмыстарымен атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған балаларына мемлекеттік жәрдемақы алушылар және арнаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылары қамтылып жатыр.
Жұмыспен қамту орталықтары арқылы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау және жұмыспен қамту шаралары шешілетінін ескеріп, қосымша ассистенттер мен консультанттардың штаттық бірліктерін енгізу қарастырылып жатыр. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндіру жұмыстары халықпен кездесу, аудандық, қалалық басылымдарда мақала жариялау, ауыл әкімдерімен және учаскелік комиссияның мүшелерімен семинар өткізу арқылы жүзеге асырылады.