Бұл туралы Stan.kz “ҚазАқпарат” агенттігіне сілтеме жасап, хабарлауда. 70 такси таң сәріден сағат жетідегі айт намазға халықты тегін тасымалдады. Негізгі назар үлкен қарияларға аударылды. Көлік жүргізушілері осылайша халықтан ақшаның орнына бата сұрады.
Ертай Қабанбаев бірнеше жылдан бері Ораза және Құрбан айт мерекелерінде тегін такси қызметін ұсынып келеді. Көлігін тізгіндеп, көшеде қол көтерген ағайынның бәріне тоқтайды. Жүргізушілердің бұл бастамасына қоғамдық көлік иелері де қосылды.