2024 және 2028 жылдары Олимпиада ойындары өтетін қалалар белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2024 және 2028 жылдары Олимпиада ойындары өтетін қалалар белгілі болды

2024 және 2028 жылдары Олимпиада ойындары өтетін қалалар белгілі болды

Жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Парижде, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін болды. Мұндай шешімге Халықаралық олимпиада комитетінің өкілдері Лима (Перу) қаласында өткен дауыс беру кезінде келіп отыр. Бұл туралы ХОК-тың ресми сайтында жазылған.

  • 14 Қыркүйек 2017
  • 569
Фото - Caravan.kz


"Бүкіл әлемнің спортшылары үшін Олимпиада ойындары өтетін қалаларды 11 жыл бұрын ерте анықтап қою нағыз тұрақтылықтың белгісі", — деді ХОК президенті Томас Бах.

Айта кетейік, 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Токио қаласында өтеді. Бұл шешімді ХОК 2013 жылы қабылдаған болатын. Бұған дейін 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 17 медаль жеңіп алған еді. Олардың үшеуі алтын, бесеуі күміс және қалған тоғызы қола медальдар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера