Шын мәнінде қазақ жұмысшылары 2 миллион теңгеге жуық жалақы алуы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шын мәнінде қазақ жұмысшылары 2 миллион теңгеге жуық жалақы алуы тиіс

Шын мәнінде қазақ жұмысшылары 2 миллион теңгеге жуық жалақы алуы тиіс

Кен орындарында жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларына әлі күнге дейін екінші сортты маман ретінде қарау жалғасып жатыр.

  • 20 Қыркүйек 2017
  • 400
Фото - Caravan.kz

Өзге елдерде алдымен өз азаматтарының қамын ойлайды, бізде бәрі керісінше дейді желі қолданушылары. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Мәселен Айдос Садыков өз парақшасында былай деп жазған:

БҚО-ның Ақсай қаласынан жазып отырмын.

Мұндағы кен орындарында шетелдің әр түрлі елінен келгендер көп жұмыс істейді. Жергілікті мамандар біліктілік жағынан олардан еш қалыспайды. Бірақ, негізгі инвесторлар ENI, SHELL, BG, Lukoil компаниялары болғандықтан шетелдіктер айына 15-20000 алады. Жергілікті жұмысшылардан бірен сараны ғана жоғары жалақы алады. Өзге елдерде алдымен өз азаматтарының қамын ойлайды. Жақсы жалақы мен әлеуметтік пакет береді. Тек сосын барып қана шетелдіктерді жалдайды. Мәселен Араб елдері үшін біз қазақстандық төлқұжатпен В немесе С категориясы бойынша төменгі дәрежеліміз. Ал Қазақстанда бәрі керісінше.Шетелдіктерге қыруар ақша төлнуге дайын.

Логистика бойынша А категориялы маманды алсақ жергілікті қызметкер сағатына 27 евро алуы тиіс. В категориясы бойынша қызметкерге (Еуропа, АҚШ) сағатына 95 евро тиесілі. Қалған С категориясындағылар (Ресей, Түркия, Румыния, Үндістан, Корея, Филиппиндер) сағатына 43 евро алады. Келісім-шартта осылай жазылған. Бірақ жергілікті мамандар ол ақшаны да көрмейді! Егер күніне 8 сағат деп есептесек айына 168 сағат= 168*27 евро*404(евро бағамы) Онда біздің мамандар айына 1 832 544 теңге алуы тиіс,- депті


Өкінішке қарай, негізгі жұмысты қазақстандықтар істесе, шетелдіктер тек бұйрық беруші ғана, соған қарамастан олардың ақшасының өсіп жатыр. Өз өзіміз сыйламасақ, бізді ешкім сыйламайды, депті жазбада.