Украиналық «Голос» шоуына қатысқан алматылық қыз ең ғажайып дауыс иесі атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украиналық «Голос» шоуына қатысқан алматылық қыз ең ғажайып дауыс иесі атанды

Украиналық «Голос» шоуына қатысқан алматылық қыз ең ғажайып дауыс иесі атанды

Украиналық «Голос» шоуының төрешілері 10 жастағы алматылық Данэлия Тулешованы бағдарлама тарихындағы ең ғажайып дауыс иесі деп атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 6 Қараша 2017
  • 196
Фото - Caravan.kz

Жас әнші Украинадағы «Голос» шоуында америкалық әнші Дэми Ловатоның «Stone Cold» композициясын орындап, төрешілерді таң-тамаша қалдырған болатын.

Алғашқы секундтарда-ақ Данэлияның дауысына тәнті болған төрешілердің төртеуі де бірдей бұрылды.

Талантты бүлдіршіннің ұстазы Наталья Чуракова байқаудың қалай өткені туралы айтып берді.

Оның айтуынша, Данэлия таңғы 7-ден кешке дейін түсірілім жұмыстарына қатысқан. Ол вокалмен 1,5 жылдан бері айналысады.

«Өте талантты қыз. Данэлия түнгі 10 шамасында сахнаға шықты. Менің ойымша, осындай уақытта өте жоғары дәрежеде өнер көрсету үшін баланың дайындығы қандай болу керектігін түсіне беріңіздер. Вокал тұрғысынан да, эмоцияны да көрсету керек. Баламыздың талантын бағалағаны көңіл қуантады», — деді Наталия Чуракова.

Данэлия шетелдік өнер сахнасына бірінші рет шығып отырған жоқ. 2015 жылы «Аялаған Астана» халықаралық байқауында — жеңімпаз, «Жаңа толқын» байқауында көрермен көзайымы жүлдесін алған болатын.