Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.
Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде жаңа азаматтардың тууы мемлекеттің басты стратегиялық мақсаты екенін атап өтті. "Жаңа азаматтардың тууы мен ұлт санының артуы — мемлекетіміздің басты стратегиялық мақсаты. Әйелдер өзі ер адамдарды туып алып, өздеріне проблема жасап алады деп тегін айтпайды", — деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Көктем шуағы" концертінің ашылуында. Сондай-ақ, Президент ел тынысындағы әйелдердің рөліне тоқталды. "Құрметті отандасатар, еліміздің өмірінде маңызды жасампаз рөлін орындайсыздар. Әйелдер жетістікке жете алмайтын сала жоқ. Спортта да, ғылым мен саясатта да олимпті бағындырасыздар. Бүгінде 3000-ға жуық ғылым докторының 60 пайызы әйелдер, Мәжілістің үштен біріне жуығы — нәзік жандылар", — деді Елбасы. "Жалпы алғанда әйелдердің үлесі жалпы құрамның басым бөлігі. Әйелдер туа бітті менеджерлер деп тегін айтылмаған. Себебі әйелдердің интуициясы ерлердің лошикасы мен сеніміне қарағанда нақтырақ", — деп мәлімдеді Президент.