Үш жылдың ішінде алты мыңға жуық шетел азаматшасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алған. Олар қазақстандық ер азаматтарға тұрмысқа шыққан. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігі айтты, деп хабарлайды Today.kz.
2015-2017 жылдар арасында 5811 әйел қазақстандыққа күйеуге шығып, "Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы" конвенцияға сәйкес ҚР паспортын алған.
Қазақстан азаматына ең көп тұрмысқа шыққандар – Өзбекстанның бұрынғы азаматшалары екен. Екінші орында – экс-қырғызстандықтар, үшінші орында – бұрынғы ресейліктер. Тізімде Армения, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия елдерінің бұрынғы азаматшалары бар.
ҚР ІІМ мәліметінше, 1992 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан азаматтығын 1 019 358 адам алған, Қазақстан азаматтығынан шыққандар саны – 11 514.
Оқи отырыңыз:
Өзбекстан азаматтары алматылық зейнеткерлерді гипноз арқылы тонап келген
Шен үшін ішкен әйелдердің қайда жұмыс істейтіні анықталды