«Мұның бәрі жалған қойылым» - Қазақстандықтар неліктен атышулы «Қалаулымның» жабылғанын қалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мұның бәрі жалған қойылым» - Қазақстандықтар неліктен атышулы «Қалаулымның» жабылғанын қалайды

«Мұның бәрі жалған қойылым» - Қазақстандықтар неліктен атышулы «Қалаулымның» жабылғанын қалайды

Көрермендер неліктен аталған шоу бағдарламаны «Дом-2» реалити шоуының арзан көшірмесі деп пайымдайды

  • 10 Сәуiр 2018
  • 228
Фото - Caravan.kz

Тоғызыншы сәуір күні әнші Сәкен Майғазиевтың «Қалаулым» бағдарламасын жабуды талап еткені жайлы ақпарат отандық БАҚ беттерінде жарияланды. Оның ойынша, мұндай реалити шоу қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен дәстүрін бұзады.

Бұл туралы шоудың жүргізушісі Аша Матай Gakku TV телеарнасындағы «Если честно» бағдарламасында айтты.

Caravan.kz медиа-порталы реалити шоу жайлы өзге де әншілердің не айтқанын анықтап көрді.

Жанжал

19 қыркүйек, 2017 жыл

Тікелей эфирде Зарина есімді ажырасқан әйел мен Мәди атты жігіттің арасында жанжал туындады. Сөз таластырған жігіт «ажырасқан әйелдер ешкімге керек емес»,- деп айып салды. Бұл Заринаның намысына тиді.

Мәди ажырасқан қыздардың ешқашан үйленбеген жігіттерге көз салатынын ақылға сыймайды деген еді. Қатты жанжалдасқан екі жақты шоу жүргізушісі әрең сабырға шақырды.

2 қараша, 2017 жыл

«Қалаулым» бағдарламасының тақырыбы ретінде «заманауи жігіттер» мәселесі алынды. Талқылау барысында атышулы Зарина жігіттер туралы өзінің пікірін айтты. Оның сөзі залдағылардың ашу-ызасын туғызды.

«Егер бар жоғы 50 мың теңге табатын болсаң, онда бізді ең құрығында төсекте қанағаттандыр»,- деді ол.

Мұндай ащы сөзден соң оның микрафонын тартып алды. Қасында отырған ер адам да қарап қалған жоқ.

3 ақпан, 2018 жыл

«Қалаулым» бағдарламасында танысқан орыс жігіті мен қазақ қызы үйленуді жөн санады. Дегенмен олар эфирге дейінде дос ретінде таныс болатын. Әйтседе жігіттің бір баласы бар. Бірақ Динараны бұл жағдай тоқтата алмады. Эфир барысында дау-дамай туынады. «Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев бойжеткеннің шешіміне қарсы болды. Ол «мұсылман қызы өзге діннің жігітіне тұрмысқа шығуға болмайды»,- деді.

СЫН ТАҒУ

Блогер НАҒИМА

Танымал отандық видеоблогер аталған шоуға қатысты 10 минуттық ролик жариялады. Арасында қатты сөйлеген сөздер байқалады.

— Ресейлік «Дом-2» реалити шоуының арзан нұсқасы. Бұл шоудың бәрі өтірік қойылым»,- деді ол.

Оның видеосы 380 мың мәрте қаралып, 15 мың лайық жинапты. Видеода бейәдеп сөздер бар.

Блогер, заңгер Айгүл Орынбек

Танымал заңгер «Қалаулым» бағдарламасын эфирге шығармауды талап етті. Ол өз ұсынысын еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа айтты.

Отандық жұлдыздар «Қалаулымға» қарсы

Сәкен Майғазиевтің бастамасын өзге де әріптестері қолдай кетті. Олардың арасында Серік Ибрагимов, Ғаділбек Жанай және «Өнер қырандары» бар.

«Сәкен аға, біз сізді қолдаймыз және мұндай бағдарлама бізге мүлдем керек емес деп есептейміз», — деді қазақстандық жұлдыздар.

Ұқсас тақырыптар: 

Сыртқы күштердің "Қалаулым" бағдарламасына "Жабыңдар" деуге конституция бойынша құқы жоқ — Шах-Керім Кәрменов
Жақтарыңыз сынып, аяқтарыңыз майып болып жүрмесін — Сәкен Майғазиев
Алматылық жастар “Қалаулым қалсын” деген ұранмен видеоүндеу жолдады