Сонымен қатар, оны тасымалдап сатушылардан да стафилококк пен сальмонелла табылған. Бұл туралы КТК хабарлады.
«2 отбасы мүшелері жаңағы балмұздақ қоспасын дайындау барысында жәрдем берген. Сол екеуінен стафилококк ауруы анықталды. 2 киоск қызметкерінен сальмонелла анықталды. Және бір қызметкерден киосктағы стафилаккок ауруы анықталды»,-дейді ОҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.
Бір апта ішінде балмұздақ жеп, іштері өткен 188 науқастың барлығы қазір ауруханадан шығарылған. Олардың 31-нен салмонелла табылса, тағы 13-і стафилококк індетін жұқтырған екен. Еске салсақ, шымкенттіктер наурыздың соңында қаланың орталығындағы бұрыннан жұртқа дәмді балмұздағымен мәлім «Южное» дәмханасынан тәтті жеп, жаппай ауруханаға түсе бастаған болатын. Осыдан кейін ғана сауда нүктесін тексерген санэпидемиологтар бүкіл тамақ дайындау және әзірлеу ережелерінің өрескел бұзылғанын анықтаған еді. Енді өздері ауру бола тұра, жұртқа жаппай қауіпті асты сатқандардың кәсібі біржола тоқтатылды. Қазір олардың ісін сот қарап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Мүфтият жасанды ұрықтандыруға қатысты жаңа пәтуа шығарды
АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды
Алматы тұрғыны жоғалған ұлына 7 жылдан соң іздеу салды