Жақында жазылмайтын жұқпалы ауру таралуы мүмкін – ғалымдар - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақында жазылмайтын жұқпалы ауру таралуы мүмкін – ғалымдар

Жақында жазылмайтын жұқпалы ауру таралуы мүмкін – ғалымдар

Емделмейтін грибок түрі жақын уақытта эпидемияға ұласып, оның арты өсімдік, жануар және адамдардың көптеп өлуіне апарып соғуы ықтимал. Лондон Империялық колледжі мен Эксетер университеті ғалымдары бірлескен зерттеу нәтижесінде осындай қорытындыға келген.

  • 18 Мамыр 2018
  • 1328
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz  РИА Новости-ға сілтеме жазап жазады.

Ғалымдардың пайымы бойынша, грибок жақында антибиотиктерге бой бермейтін «супербактерияларға» айналып, грибокқа қарсы дәрілер оларға ешқандай әсер етпеуі мүмкін. Мамандар мұндай дәрілерді қазір медицинада және ауыл шаруашылығында көбіне шектен тыс пайдаланып жүргенін айтады. Мәселен, грибок стоматиті, табан эпидермофитиясы, дерматофибия және онихомикоз сияқты ауруларды емдеу үшін грибокқа қарсы препараттар жүйелі түрде қолданылады.

Алайда, мұндай дәрілер тек әлсіз грибоктарды жояды, ал күштілері тірі қалып одан әрі күшейеді және грибокқа қарсы дәрілер әсер етпейтіндей болып бейімделіп алады.

Ғалымдар бұл қауіп қазір жете бағаланбай отырғанын ескертеді. Және оған қарсы тұратын препараттар жасауға кірісуге шақырады.


Мамандардың есебі бойынша, грибок инфекцияларынан адамдар сүт безі рагі және маляриямен салыстырғанда көп өледі, сонымен қатар оның салдарынан болатын өлім саны туберкулез және СПИД-тікімен бірдей.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда Рамазан айында күн сайын 100 адамға ауызашар беріледі

Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты