Тағы бір қытайлық ірі корпорация Ақмола облысында майлы дақылдар егуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағы бір қытайлық ірі корпорация Ақмола облысында майлы дақылдар егуі мүмкін

Тағы бір қытайлық ірі корпорация Ақмола облысында майлы дақылдар егуі мүмкін

Қытайлық ірі компания Ақмола облысының ауылшаруашылық саласына ірі көлемде инвестиция құймақшы.

  • 18 Мамыр 2018
  • 51
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің Қытайдың ірі мемлекеттік инвестициялық корпорациясының өкілдерімен өткен кездесуінде айтылды деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өткен жылы қараша айында Ақмола облысының делегациясы өңiр басшысының бастауымен Пекин қаласында өнеркәсiптiк және инвестициялық құрылымдарының өкiлдерiмен бiрқатар iскерлiк кездесулер өткiзген болатын. Бүгiн қытайдың Қазақстанмен көп жылдан берi жемiстi ынтымақтастық жасап келе жатқан «CITIC» халықаралық инвестициялық корпорациясының делегациясы жауапты сапармен келдi. Инвестиция тарту Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бiрi болып табылады. Қазақстан астығының 25 пайызын өндiретiн Ақмола облысы Қытайдың жетекшi компанияларының қызығушылығын тудырып отыр.

«CITIC» корпорациясының өкiлi Гэй Кайхуамен кездесуде облыс әкiмi мал шаруашылығын, өсiмдiк шаруашылығын, соның iшiнде майлы дақылдар өсiрудi және т.б. бұдан әрi дамыту мәселелерiн талқылады. Кездесудiң қорытындысы бойынша компания өңiрiмiздiң экономикасын инвестициялауға жоғары қызығушылығын бiлдiрдi.

Оқи отырыңыз:

Жақында жазылмайтын жұқпалы ауру таралуы мүмкін – ғалымдар

Павлодарда Рамазан айында күн сайын 100 адамға ауызашар беріледі

Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты