Канн фестивалінде үздік атанған Самал Еслямоваға Петропавлдан пәтер сыйға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Канн фестивалінде үздік атанған Самал Еслямоваға Петропавлдан пәтер сыйға берілді

Канн фестивалінде үздік атанған Самал Еслямоваға Петропавлдан пәтер сыйға берілді

Мәскеуде тұратын Самал Еслямова Петропавлдағы пәтердің иесі атанды

  • 24 Мамыр 2018
  • 144
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақалов Канн фестивалінде марапатқа ие болған актриса Самал Еслямоваға Петропавлдағы үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейсенбі күні облыстық әкімдікте Самал Еслямовамен кездесуге актрисаның туған-туыстары, ұстаздары, өзі оқыған өнер колледжінің студенттері жиналды.

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов атап өткендей, Самал – Солтүстік Қазақстанның ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы.

"Біздің еліміздің және ТМД мемлекеттерінің бірде-бір актері мұндай жоғары марапатқа ие болған жоқ. Қазақстанның тумасы – фильм режиссері Сергей Дворцевоймен бірге жеткен жетістігің – қазақстандық киноиндустрияны дамыту және насихаттау саласында келер ұрпақ үшін үлгі", — деді Ақсақалов.

Актриса өңір басшысы мен жиналғандарға ыстық ықыласын білдірді.

"Ата-анама, ұстаздарыма, менімен осынау қуанышты бөліскен бүкіл солтүстік қазақстандықтарға алғысым шексіз. Туған үйіңде ерекше сезімге бөленесің… Мен сондай бақыттымын", — деді Еслямова.


Солтүстік Қазақстан тумасы Самал Еслямова "Айка" фильмінде ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін Канн фестивалінің сыйлығына ие болған.

 

Оқи отырыңыз:

Үлкен Алматы өзені неге қызыл түске боялды — Сараптама нәтижесі шықты
ОҚО-да есірткіні сыйақы ретінде берген және пара алған полицейлер сотталды
Өзін әлемдік жұлдызға теңеген Ерке сынға қалды