Бас мүфти Ақтөбедегі хиджаб дауына қатысты пікір білдірді - видео - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас мүфти Ақтөбедегі хиджаб дауына қатысты пікір білдірді - видео

Бас мүфти Ақтөбедегі хиджаб дауына қатысты пікір білдірді - видео

Серікбай Қажы Ораздың пікірінше, ата-аналар балаларының тағдырын шешпеуі тиіс.

  • 25 Қыркүйек 2018
  • 142
Фото - Caravan.kz

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз оқушылардың хиджаб киюі мәселесінде ата-аналар мен педагогтар ортақ келісімге келуі керек екенін айтты.

Астана арнасының хабарлауынша, мүфти Ақтөбеге арнайы келген. 

"Балиғат жасына жетпеген, тіпті, жеті-сегіз жастағы 1-3-сынып оқушыларының тағдырын тәлкек етіп, саудаға салғандай жасау — жансақ дүние. Біз ұрпағымызды білім алудан, көзі ашық, қарақты үлкен азамат болып қалыптасу жолындағы осындай мүмкіндіктерден айырмауымыз қажет", — дейді діни қызметкер.

Осы уақытқа дейін ақтөбелік ата-аналар балаларын мектепке хиджабпен кіргізбей қойғаны үшін шу шығарып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған-ды. Орамалын шешуден бас тартқан оқушылар келесі сыныпқа қалды.