Еліміздегі үздік баспасөз қызметі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі үздік баспасөз қызметі анықталды

Еліміздегі үздік баспасөз қызметі анықталды

Астанада Astana Media Week медиа апталығы аясында «Жылдың үздік баспасөз қызметі» конкурсының қорытындысы шығарылды.

  • 30 Қыркүйек 2018
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

«Қазмедиа» орталығында өткен шара барысында ұйымдастырушылар конкурс баспасөз қызметінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілгенін атап өтті.

«Аталған конкурс осымен үшінші рет ұйымдастырылды. Байқау 7 номинация бойынша өтті. Үздік баспасөз қызметін анықтау барысында 43 БАҚ-тың пікірі ескерілді. Қорытынды шешімді беделді сарапшылардан құралған комиссия шығарды», — деді байқауды ұйымдастырушылардың бірі, орталық коммуникациялар қызметінің директоры Руслан Алишев.

Сонымен қатар Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев байқауды ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.

«Ең алдымен осы шараны ұйымдастырушыларға, оған қатысқан телеарналардың басшыларына, қызметкерлеріне, продакшн компанияларға, журналистерге шын жүрегіммен алғысымды білдіремін. Astana Media Week медиа апталығына 2 мыңға жуық адам қатысты. Бұл шара еліміздің медиа саласында оң нәтижесін береді деп сенемін», — деді министр.

Қазылар алқасының шешімімен «Орталық мемлекеттік органдардың үздік баспасөз қызметі» номинациясында – Қорғаныс министрлігі;


«Бизнес және квазимемлекеттің сектордың үздік баспасөз қызметі» номинациясында — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

«Жергілікті атқарушы органдардың үздік баспасөз қызметі» номинациясында – Алматы қаласының әкімдігі;

«Қоғамдық ұйымдардың үздік баспасөз қызметі» номинациясында – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры;

«Жылдың үздік баспасөз хатшысы» номинациясында – Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек;

«Баспасөз қызметі – жыл серпіні» номинациясында – ҚР Бас прокуратурасы;

«Үздік корпоративтік сайт» номинациясында – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жеңіске жетті.