Қазақстандықтардың коммуналдық қарызы 10 млрд теңгеден асты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың коммуналдық қарызы 10 млрд теңгеден асты

Қазақстандықтардың коммуналдық қарызы 10 млрд теңгеден асты

Қазақстандықтардың коммуналдық мекемелерге қарызы 10 млрд теңгеге жеткен.

  • 28 Мамыр 2019
  • 28
Фото - Caravan.kz


Оның ішінде кәсіпкерлердің үлесі басым. Бұл  соманың жартысынан көбі жылу берешегі. Осы орайда қаладағы коммуналдық мекемелер рейд өткізіп, ақы төлегісі келмегендерге соңғы шара қолданып жатыр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
   
Коммуналдық қызмет берешегі өткен жылмен салыстырғанда сәл төмендеу. Мәселен, былтыр қазақстандықтар су, жарық, газға 13 млрд теңге қарыз болған. Бұл жолы 3 млрд-қа аз. Бірақ, коммуналдық мекемелер кейбір азаматтарға "тегін" қызмет көрсетіп, шаш етектен шығынға батып жатыр екен.           

СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
"Қарызға келсек жаңа мен айтқандай бұл 5 млрд теңге көлеміндегі қарыз республика бойынша соңғы 3-4 жылда осы бір деңгейден азаймай тұрған мәселе бар. Ал, жалпы тұтынушылардан заң бойынша нақты осы қызмет көрсеткеннен кейін бір ақ қаражат жинайды да, сондықтиан осындай 1-1,5 айлық кассалық жетіспеушілік болады".   

Тұтынған тарифіне ақы төлегісі келмейтіндермен қаладағы "Астана су арнасы" мекемесі күрестің соңғы тәсіліне көшкен. Мамандар мойнында берешегі бар адамдардың үйін аралап, тіршілік көзінен ажыратып жатыр. Өйтпеске амал жоқ, дейді.

"У вас имеется задолженность перед "Астана су арнасы" в сумме, пожалуйста вот акт сверки. Мы ваше здание отключили".

Жүргізілген рейд кезінде есігін ашқысы келмеген жандар да табылды. Ал, мамандар "қара тізімдегілерді" судан бөлек, барлық орталық кәріз жүйесінен ажыратып кетті. Қайта қостыру үшін қордаланған қарызды толық өтеу қажет.       

"Біз суды өшіріп тастадық. Девушка, естіп жатырсыз ба? Мы воду отключили, потому что нету у вас договора. Передадите пожалуйста руководству".

Мәселен, ауыз суға Нұр-Сұлтанда бір ғана заңды тұлғалар жарты млрд  теңгеге жуық қарыз. Нақтырақ айтсақ, 470 млн теңге.     

КҮЛШЕ САЙФУЛЛИНА, "АСТАНА СУ АРНАСЫ" МКК МАМАНЫ:
"Бүгінгі таңда "Астана су арнасына" заңды тұлғалардың берешегі 470 млн теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде 152 млн теңге құрылыс компаниясының қарызы. Осыған байланысты біз күнделікті мекемелердің тізімін алып, орталық жүйеден өшіреміз. Қазір жұмыс істеп жатырмыз".

Коммуналдық қызметке берешек болған кәсіпкерлер мекемелердің төлеу шарттарын жұмсартуын сұрайды. Өйткені…      

АДИЛЯ ЕНИЛЕЕВА, МЕЙРАМХАНА ӘКІМШІСІ:
"Бір ғана кәріз жүйесін орнатуға 3-4 млн теңге қаржы кетеді. Бұл ісін енді ғана дөңгелетіп келе жатқан кәсіпкерлерге өте қиын. Оларды орнатуы, жұмысы бар қып-қызыл шығын. "Астана су арнасына" кішкене түсіністік танытса екен деп айтар едім". 

Одан бөлек, көгілдір отынға отандастарымыз биылғы жарты жылдың өзінде 5,7 млрд теңге берешек екен. Мамандар егер коммуналдық қарызы барлар ақысын төлемесе, бұл сома уақыт өткен сайын ұлғаюы мүмкін деп дабыл қағып отыр.