Тоқаев Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 450.91
  • 522.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Тоқаев Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

  • 13 Қыркүйек
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы құттықтауында Елена Рыбакинаның кәсібилігі мен жетістігі Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі екенін айтты.

«Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге», — делінген құттықтауда.