Елена Рыбакина US Open - 2026 турнирінің жеңімпазы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.91
  • 522.69
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елена Рыбакина US Open - 2026 турнирінің жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина US Open - 2026 турнирінің жеңімпазы атанды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Нью-Йоркте өткен АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жетті.

  • 13 Қыркүйек
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

US Open-2026 турнирінің финалында қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнады. Матч үш сетке созылып, Рыбакина 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұл Рыбакинаның US Open турниріндегі мансабындағы алғашқы, ал «Үлкен дулыға» додаларындағы үшінші жеңісі болды. Бұған дейін қазақстандық спортшы 2022 жылы «Уимблдонда», 2026 жылы Australian Open турнирінде чемпион атанған.

Биылғы маусымда Рыбакина екінші рет «Үлкен дулыға» турнирінде жеңімпаз атанып отыр. Australian Open-2026 финалында да ол Соболенконы жеңген болатын.

Сонымен қатар US Open қорытындысы бойынша Рыбакина алғаш рет мансабында WTA әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтеріледі. Ол әйелдер арасындағы жекелей сында рейтингтің көшін бастаған тұңғыш қазақстандық атанды.