Жітіқарада шамамен жүз дәрігер үйдегі карантинге жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жітіқарада шамамен жүз дәрігер үйдегі карантинге жіберілді

Жітіқарада шамамен жүз дәрігер үйдегі карантинге жіберілді

Қостанай облысына қарасты Жітіқарадағы карантиндік стационарлардан үйдегі карантинге 94 Орталық аудандық аурухана (ОАА) қызметкері ауысты.

  • 20 Сәуiр 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ға сілтеме жасап хабарлады. 

Жітіқара ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде коронавируспен 9 пациент бар, оның ішінде СОVID-19 диагнозы төртеуінде расталған, қалған бесеуі жұмыста жұқтырған. Провизорлық орталықта қазір 24 адам бақылауда жатыр.

"19 сәуірде карантиндік стационарлардан үйдегі карантинге ОАА-ның 94 қызметкері ауысты. Үйде барлыңы 265 қызметкер карантинде жатыр", — деп хабарлайды облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.

20 сәуіде Жітіқара қаласында 15 жағдай тіркелді, олардың біреуі өліммен аяқталды. ПТР әдісімен (полимеразды тізбекті реакция) 551 адам тексерілді.


Қазіргі уақытта COVID-19 Жітіқараның екі полицейінен анықталды. Олардың екеуі де коронавирус диагнозы расталған науқастарға арналған Қостанай облыстық ауруханада жатыр. Тағы 11 адам карантиндік стационарға жатқызылды. Жітіқара АІІБ-нің барлық жеке құрамы үйдегі карантинде. Қалаға эпидемияға қарсы іс-шараларға 36 миллион теңге бөлінді.