Ал жақында аталған бағдарлама эфирге шыға бастады. Алайда "Неке сыры" деп аталатын шоу бағдарлама көптің көңілінен шыға қоймады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Оның соңғы жүргізген хабардағы тақырып ерлі-зайыптылар арасындағы төсек қатынасы төңірегінде болды. Бұл елдің наразылығын туғызды. Көпшілік көрермен түкке қажеті жоқ бағдарламаның жабылуын талап ете басады. Бұған қоса олар Жұлдыздың жүргізушілік қабілетінің төмен екенін жазуда.
"Жұлдыз жүргізе алмайды, тіл мәдениеті жоқ, астарлы акикаттағы Дина ханым сиякты жүргізу кереу", "Ретинг көтеріп ақша табуға екі бұттың төңірегіндегі темалар тиімді болып тұр", "Жұлдыз сенен мынандай бағдарлама күтпеген еді халық, қоя сал", "Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса. Бұл қазақ қыздарына ұят нәрсе.Масқара!!!", "Не деген арсыз бағдарлама мынау! Енді біреудің төсегіне араласу қалдыма?! Ұят-ай! Сорлылар-ай!", деген сияқты жүздеген ашулы пікір қалдырған.