Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.
ҚМДБ ақпаратынша, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Азия елдерінің ғұламаларын, күллі дін қайраткерлерін, дін саласының оқытушы-ұстаздары, қариларды және барша мұсылман қауымын 30 шілде, бейсенбі күні бесін намазының уақытында "Бір мезетте – бір дұға" атты игі бастама аясында күллі адамзаттың амандығы үшін бір уақытта алақан жайып, дұға жасауға шақырды.
"Алла Тағала қадірлеген Арапа күні бесін намазының уақытында Жаббар иемізге мақтаулар, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеп салауат айтып, еліміздің амандығын, заманымыздың тыныштығын тілеп, дұға етейік!", — деді бас мүфти.
Айта кетсек, 30 шілде – Арапа күні.
Арапа күні – бұл көне заманнан келе жатқан мұсылман мерекесі. Арапа күні құрбан айттан бір күн бұрын болады.
Биыл Құрбан айттың бірінші күні 31 шілдеге түсіп тұр, мейрам үш күнге созылады.