Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны хабарланды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны хабарланды

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны хабарланды

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн салқындайды. Синоптиктер 13-15 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

  • 12 Шiлде 2021
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Республиканың басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты фронталь бөліктер әсер етеді. Бұл ауа райының тұрақсыз болуына ықпал етеді. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл болып, екпінді жел соғады.

"Батыста ауа температурасы түнде + 12+22 градус, күндіз +25+35 градус, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы +7+20 градус, күндіз термометрлер +12+28 градус, еліміздің орталығында және шығысында түнде ауа температурасы +8+20 градус, күндіз +15+28 градус, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23 градус, күндіз +25+32 градус болады", — делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар