Түркияның вице-президентіне кигізу керек болған шапанды Шөкеев өзі киіп алып масқара болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның вице-президентіне кигізу керек болған шапанды Шөкеев өзі киіп алып масқара болды

Түркияның вице-президентіне кигізу керек болған шапанды Шөкеев өзі киіп алып масқара болды

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Facebook парақшасында елімізде түрік тілінде өткен жиынды жариялады.

  • 9 Наурыз 2022
  • 711
Фото - Caravan.kz

Онда Түркия елінің вице-президентіне жабылатын шапанды Шөкеев мырза өзі киіп алып, ұятқа қалды.

Бұл туралы Caravan.kz  порталы Айгүл Орынбекке сілтеме жасап хабарлайды.

"Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам!

Сакен Қалкаманов тікелей эфирге шығып тағы да халықты алдаймын деп ойладыңыздар ма?

Бұрын әбден білгендеріңді істеп халықты алдап келген шығарсыңдар, енді алдау мүмкін емес!
Қайтадан тікелей эфирге шығып кешірім сұраңыз халықтан!

Қашанғы әкімдіктің айтқаны дұрыс болады?!
Әкімдіктегілер осылай өз былықтарын жабамын деп былыққа бата түседі!

Шөкеевті Түркия вице-президентіне шапанды өз қолымен жабуға шақырды сахнаға!

Ахмет Ясауи Университеті түлегімін, түрікше жақсы білемін. Әлі ұмытқаным жоқ!",- деп жазба жариялады.

Жазылған пікірлерден белгілі болғандай шапан түркиядан келген қонаққа арналған көрінеді. Ал Шөкеев мырза оны өзі киіп алғанға ұқсайды. 

Желі оқырмандары: "Кімді кім алдап жатыр? дым түсініп отырған жоқпын. Шапан дей ме? Түркістанда.",  "Шөкеевтің кінәсі жоқ қой, дым түсінген жоқ, өзіне беріп жатыр деп ойлады","Неге қазақ тілінде өткізбейді","Ашкөздікті қашан қоямыз ағайын" "Түсінбей тіл білмей тұр ғой, кінәлай бермеңдерші", "неліктен жиын түрік тілінде өтті екен? қазақ тілінде өтіп, түрік тіліне аударылып отырса түсінуге болар еді ғой. Мысалы, Өзбекстаннан қонақ келсе, жиын өзбек тілінде өтеді ме сонда?" , — деп жазды.

 
Кейіннен шапанды Түркияның вице-президенті киіп тұрғар сурет жарияланды.
"Бәсе, Шөке сөйтсеңізші","Енді өзіне келді","Әй, молодец, жаңа түсінбеген ғой шынымен", "Тілшілер аударып берсе болады ғой, масқара болдық қой", "Міне енді дұрыс болды", —деп пікір жазды.
 
 
 

Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам! Сакен Калкаманов тікелей эфирге шығып тағы да халықты алдаймын деп ойладыңыздар ма? Бұрын әбден білгендеріңді істеп халықты алдап келген шығарсыңдар, енді алдау мүмкін емес! Қайтадан тікелей эфирге шығып кешірім сұраңыз халықтан! Қашанғы әкімдіктің айтқаны дұрыс болады?! Әкімдіктегілер осылай өз былықтарын жабамын деп былыққа бата түседі! Шөкеевті Түркия вице-президентіне шапанды өз қолымен жабуға шақырды сахнаға! Ахмет Ясауи Университеті түлегімін, түрікше жақсы білемін. Әлі ұмытқаным жоқ!

Posted by Aigul Orynbek on Tuesday, March 8, 2022