Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ жолаушылары арасында біздің азаматтар жоқ", — делі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілі.
China Eastern Airlines компаниясының ұшағы 21 наурызда Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан аймағында апатқа ұшыраған еді. Бортта 132 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады.
Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.