Ислам Даму банкі Орталық Азия аймағы мен Парсы шығанағы арасында көлік дәлізін құруды қаржыландыру мақсатымен арнаулы бағдарлама қабылдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Даму банкі Орталық Азия аймағы мен Парсы шығанағы арасында көлік дәлізін құруды қаржыландыру мақсатымен арнаулы бағдарлама қабылдайды

Ислам Даму банкі Орталық Азия аймағы мен Парсы шығанағы арасында көлік дәлізін құруды қаржыландыру мақсатымен арнаулы бағдарлама қабылдайды

Ислам Даму банкі Орталық Азия аймағы мен Парсы шығанағы арасында көлік дәлізін құруды қаржыландыру мақсатымен арнаулы бағдарлама қабылдайды. Бұл туралы Ислам Даму банкінің президенті Ахмед Мұхаммед Али бүгін, 3-қыркүйекте Ислам Даму банкі басқарушылары Кеңесінің Алматыда өткен жыл сайынғы 28-отырысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 3 Қыркүйек 2003
  • 597
Фото - Caravan.kz

Банк президентінің айтуынша, мұндай бағдарламаны бекіту банк үшін Ислам Даму банкіне мүше елдер мен жалпы Орталық Азия аймағы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда айрықша маңызды мәселе болмақ.

Осы орайда Ахмед Мұхаммед Али банк аталмыш жоба аясында басқа да қаржылық институттармен қарым-қатынаста жұмыс істейді деп атап көрсетті.