Шымкентте 7 жасар қыздың ата-анасы дәрігерге немқұрайдылық туралы айып тағып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 7 жасар қыздың ата-анасы дәрігерге немқұрайдылық туралы айып тағып отыр

Шымкентте 7 жасар қыздың ата-анасы дәрігерге немқұрайдылық туралы айып тағып отыр

Облыстық балалар ауруханасының құлақ-мұрын аурулары бөлімінің меңгерушісі

  • 4 Қыркүйек 2003
  • 651
Фото - Caravan.kz

7 жасар Қарлығаш Ермекбаеваның құлағына жасаған операциядан кейін қыздың құлағында орауыш бинт қалу салдарынан оның құлағы қайтадан іріңдеп, бинт құлақ тканімен бітісіп қалған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық аурухананың құлақ-мұрын аурулары бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Қорғанбаев хабарлады.

Қыздың анасының айтуынша, қыздың құлағы биылғы ақпан айынан бері ауыра бастаған. Олар көмек сұрай барған облыстық балалар ауруханасының құлақ-мұрын аурулары бөлімінің меңгерушісі, әйелдің айтуынша, міндетті түрде операция жасау қажеттігін алға тартып, 4 мың теңге сұраған көрінеді. Алайда операциядан кейін баланың ахуалы тіптен нашарлап, құлағы іріңдеп қайтадан ауыра бастаған.
Қыз анасының арызы бойынша құрылған дәрігерлік комиссия тексеру нәтижесінде операциядан кейін қыздың құлағында орауыш бинттің қалып қойғанын анықтады.
Ал хирург болса, қыздың құлағындағы бинт ораған кезде немесе оның шешесінің салақтығынан қалып қойды деп өз кінәсін мойындамай отыр.
Қыздың ата-анасы осы оқиғаға байланысты дәрігерді сотқа бермек ниетте.