Елбасының атап көрсетуінше, еліміз қысқа мерзімде 3,5 мың ауылшаруашылығы техникасын сатып алған. «Ауылшаруашылығы техникасын біз түбегейлі жаңалауды алғаш рет жүзеге асырдық, бұл- сала аясындағы өсудің айқын белгісі екені анық»,- деді ол. Соған қарамастан, Елбасының атап көрсетуінше, Қазақстанның мүддесі тек Ресейден техника сатып алумен шектелмейді. «Қазақстан үшін тракторлар мен комбайндар құрастыратын өндірістер ашудың маңызы зор. Сол себепті тек сауда-саттық шараларымен ғана шектелмейтін Ресейлік компанияларға мемлекет қолдау көрсетеді»,- деді президент.
Мемлекет басшысы бірлескен кәсіпорын ашу жөніндегі ұсынысты үкімет дәйекті саралап көреді деп сендірді.