«Роснефть» мұнай компаниясының президенті Сергей Богданчиковтың айтуынша, компания Өнім бөлісу жөніндегі келісімнің жобасын Қазақстан жағына табыс еткен. Компаия президенті бұл мәселені шешу үшін екі айдан астам уақыт керек деген пікірде.
«Роснефть» мұнай компаниясы Құрманғазы мұнайының есебінен Каспий Құбыр консорциумындағы (КТК) өзіне тиесілі квотаны толықтырмақ ниетте,- деді С.Богданчиков.
«Роснефть» мұнай компаниясы «Роснефть-Shell» Бірлескен кәсіпорнын құру арқылы КТК-ның акционерлері қатарына қосылған. Бірлескен компанияның мұнай тасымалдау квотасы жылына 3 млн. тоннаны құрайды. Құбырдың өткізгіштік қабілеті 38 млн. тоннаға дейін арттырылған жағдайда Бірлескен кәсіпорынның квотасы 5 млн. тоннаға жетеді. Бірлескен кәсіпорынға бөлінген квотаның 51 процентін «Роснефть» мұнай компаниясына тиесілі шикізат құрайды.