Ақтауда халықаралық экологиялық лагерь ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда халықаралық экологиялық лагерь ашылды

Ақтауда халықаралық экологиялық лагерь ашылды

Ақтауда халықаралық "Балалар және теңіз" халықаралық бағдарламасы аясында халықаралық экологиялық лагерь ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 738
Фото - Caravan.kz

Каспий балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері мен нұсқаушыларының басшылығымен Астрахань, Атырау және Ақтаулық 23 студент пен Каспий төңірегіндегі мемлекеттердің оқушылары Каспий табиғаты туралы жаңа білім игереді.

Каспий балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, ЮНЕСКО Халықаралық Комитетінің «Каспийдегі қалқымалы университет» жобасының жетекшісі Валентина Беляеваның KZ-today тілшісіне хабарлауынша, теңіздегі экономикалық іс-қимылдар аясының кеңейе түсуіне байланысты теңіз аясындағы қоршаған ортаны қорғау және оның қорын пайдалану жөніндегі жоғары кәсіби маман иелеріне деген сұраныс арта түсті. В.Беляеваның айтуынша, алдағы уақытта Каспийдегі табиғат қорғау бағдарламасына теңіздің төңірегіндегі барлық мемлекеттердің жастарын жаппай біріктірілетін болады.
В.Беляеваның пікірінше, белсенді білім беру әдістемесіне негізделген «Балалар және теңіз» бағдарламасы жастардың кәсіптік бағыт-бағдарын ерте бастан айқындауына , әрі мейлінше терең білім игеруіне жағдай жасайды. Оқыту жұмыстары «Зерттеп білу арқылы білім игерейік» деген ұран бойынша өткізілуде.
Каспий теңізіндегі экологиялық ахуалға қызығушылық танытатын жастарға арнап тегін лагерь ашу туралы идея осыдан үш жыл бұрын пайда болған. Оқыту жұмыстары Каспий теңізінің өсімдік және жан-жануарлар әлеміне қызғылықты саяхаттар жасау түрінде ұйымдастырылмақшы.
Алдағы күндерде дәріске қатысушылар теңіз түбінен әртүрлі сынамалар жинау үшін суға сүңгу барысында пайдаланылатын бетперде, құбырша және акваланг қолдана білуге машықтанады,- деп хабарлайды оқытушы әрі суға сүңгу жөніндегі нұсқаушының көмекшісі Андрей Камакин.
Жобаға Халықаралық мұхит институты мен Аджип ККО компаниялары демеушілік жасап отыр.