Бұл туралы fatua.kz сайты көпшіліктің сұрағына жауап берді деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
Асыл дінімізде нәжістен тазару міндеттелген. Осыған орай, көпшіліктің көкейінде күмәнмен жүрген сұрақтың жауабы белгілі болды.
«Киімдерді автомат кір машиналарда жуу басқа жуу түрлеріне қарағанда тазалап жуады. Өйткені әуел баста бірнеше рет жуумен нәжасатты кетіреді. Кейінгі жуғандарында көрінбейтін нәжістер де кетеді. Киімдерді автомат машиналарда жуу – оларда нәжасаттың қай түрінен болсын толық тазартады», делінген. Демек, автомат кір машинамен жуылған нәжіс киімдер оған арнайы ұнтақ (порошок) қосылып, киім әрі-бері айналдырылып жуылады. Осылайша, жуылған уақытта нәжістер суға тарап, киімдегі нәжістер кетеді. Кейін, пайдаланылған суды сыртқа ағызып, кірді сығып, қайта таза суға шаяды. Соңында автомат машиналар киімді бірнеше рет (4-5 рет) жуып, әр жуған сайын суды сыртқа шығарып, шаяды. Ханафи мәзһабында нәжісті таза сумен, сондай-ақ, гүлдің, жемістің шырыны сияқты сұйық заттармен тазалауға болады[3]. Осыған орай, сабын, ұнтақ араласқан сумен киім жуылса, таза болып есептеледі. Қорыта айтқанда, автомат машинамен жуылған киім бірнеше рет жуылып, әр жуылған сайын пайдаланылған судың сыртқа ағуы, жуған киімді сығып, шайып беруі жағынан киімді таза болды деп айта аламыз. Бұл автомат кір жуғыш машиналарға қатысты.
Ал, жартылай автомат немесе басқа да кір жуғыш машиналарға бұл үкім жүрмейді. Алла Тағала білуші, делінген.