Заңға сәйкес, алғаш рет өндіріске жіберілген және ҚР аумағына әкелінетін азық-түліктік және биологиялық активті қоспалар, генетикалық жолмен өзгертілген өнімдер, балалар тағамы, бояғыштар, сумен және азық-түлік тағамдарымен жанасатын материалдар мен бұйымдар мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Заң жобасында сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыру жолдары қарастырылған.
Заң жобасы бойынша Қазақстан аумағында өндірілетін жоғары және бірінші сортты барлық түрлі бидай ұнын міндетті түрде фортификациялау (байыту) тәртібі енгізіледі. Байытылмаған жоғары және бірінші сортты бидай ұнын Қазақстан аумағына әкелу, сату және өндіруге тыйым салынады.