Шымкентте адамдары бар аттракцион биікте бұзылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте адамдары бар аттракцион биікте бұзылып қалды

Шымкентте адамдары бар аттракцион биікте бұзылып қалды

Шымкент саябағындағы «Бәйтерек» аттракционы бұзылып, 20 минут бойы адамдарымен бірге биікте тұрып қалды.

  • 21 Мамыр 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Куәгерлердің жергілікті тілшілерге айтуынша, адамдар қатты үрейленген. Шымкент тұрғындары саябақты жөндеуге жабуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Қыздар қорқып, айғайлай бастады. Мен оларды тыныштандыруға тырыстым. Біз 20 минуттай жоғарыда отырдып қалық, содан кейін қызметкерлер бізді түсіре бастады, бірақ толық емес, өйткені құрылғы дұрыс жұмыс істемей тұрды. Біз, қала тұрғындары атракционға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеумен қамтамасыз ету үшін барлығы жабылуын сұраймыз», – деп жазды Elitar.kz жергілікті тұрғындардың сөзін.


Ulysmedia.kz
жазуынша, келушілердің аттракциондағы сәтсіз демалыстары үшін ақшасы қайтарылмаған. Саябақтың қонақтары аттракцион ескі электр қозғалтқышының кесірінен істен шыққанын айтты.

Еске салайық, 6 мамырда Ресейде балалар мінген карусель құлаған болатын.