Алматыда соңғы қоңырау тек 3 сыныпқа ғана өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда соңғы қоңырау тек 3 сыныпқа ғана өткізіледі

Алматыда соңғы қоңырау тек 3 сыныпқа ғана өткізіледі

Алматыдағы мектеп оқушыларының бәрі соңғы қоңырауға қатыса алмайды. Тек үш сыныптың оқушыларына ғана салтанатты іс-шара өткізілмек.

  • 23 Мамыр 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева соңғы қоңырау 1 маусымда өтетінін хабарлады. Бірақ оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шара 4, 9 және 11 сынып оқушылары үшін өткізілмек. Өзге сынып оқушылары соңғы сабақ күнін сынып сағатымен аяқтайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Соңғы сабақ күні барлық мектептер бекітілген кестеге сәйкес өз сабақтарын жүргізеді және оқу күнін сынып сағатын өткізумен аяқтайды. Сынып сағатының мақсаты – оқу жылын қорытындылау және жазғы демалыс кезеңіне балаларды әзірлеу», – деді Жанат Айтпаева.

Сынып сағаттарының сценарийлерін педагогтер әр сыныптың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше әзірлейді. Сынып сағатында оқу үшін кітаптар тізімін, сондай-ақ қарауға болатын фильмдер тізімін ұсынып, қауіпсіздік шараларын, алдын ала жоспарланып ұйымдастырылған демалыстың артықшылықтарын, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігін, еңбек етудің пайдасын, ата-анаға, ата-әжелеріне көмектесудің қажеттілігін және жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы әңгімелеу ұсынылады.


Айта кетейік, биыл Алматыда 14 мыңнан астам түлек мектепті бітіреді.