Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды

28 мамырда жергілікті уақыт бойынша 08:00-де (Астана бойынша 11:00-де) Түркияда президент сайлауының екінші туры басталды. 

  • 28 Мамыр 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Елде 60 миллион 721 мың 745 сайлаушы үшін 191 мыңнан астам дауыс беру жәшігі орнатылған. Дауыс беру сағат 08:00-де басталып, жергілікті уақыт бойынша 17:00-де аяқталады,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сайлаушылар президенттікке Әділет және даму партиясының төрағасы, қазір ел басқарып отырған Режеп Тайып Ердоған мен алты оппозициялық партиядан құралған альянсты басқаратын Кемаль Қылышдароғлының біреуін таңдайды.

Президент сайлауының бірінші туры 14 мамырда өтті.


Сол кезде 50%-ды бірде-бір кандидат жинай алмады.

Қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған 49,5% дауыс жинаса, оның басты қарсыласы Кемаль Қылышдароғлы 45%-дан аз дауыс жинады.