«5 күннен соң түсіру жұмыстарын бастаймыз»: Мәжіліс депутаты Болат Атабаев жайлы фильмге қаржы аударатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«5 күннен соң түсіру жұмыстарын бастаймыз»: Мәжіліс депутаты Болат Атабаев жайлы фильмге қаржы аударатын болды

«5 күннен соң түсіру жұмыстарын бастаймыз»: Мәжіліс депутаты Болат Атабаев жайлы фильмге қаржы аударатын болды

Танымал режиссер, қоғам қайраткері Болат Атабаев туралы “Мың жылдық ойын” деректі фильміне қаржы табылды.

  • 31 Мамыр 2023
  • 60
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы журналист Қанат Тілеухан мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz.

Белгілі болғандай режиссер жайлы фильмге мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай қаржы аударатын болған.

“Бұйырса бес күннен кейін түсіру жұмыстарын бастаймыз. Краудфандингті тоқтатамыз. Бәріңіздің достық пейілдеріңізге, қолдауларыңызға рақмет. Жылы сөздің өзі үлкен медеу. Аздаған қаражат түскен еді. Оны қазір қайта салып жіберемін. Бір байқағаным тілектес жандардың қатары мол екен. Бәріңізге Жаратқан разы болғай.

Ал енді қаржыға келетін болсақ. Қаржы табылды. Өзіміздің әріптесіміз, ініміз Мақсат Толықбай тауып беретін болды. Мәкеңе алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Болат аға тіріліп келсе, краудфандинг деген не тағы. Тоқтатыңдар мынандайларыңды. Зачем меня возвышать? деп сөйлер еді. Ол кісінің лексиконы сұмдық қой. Тағы да бәріңізге рақмет!”, — деп жазды Қанат Тілеухан.