Блогерлер елден бұдан былай елден еш құпия сақтамайтындарын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.
Жеке өміріндегі келеңсіздіктер жайлы алдымен блогер Шынар Меджанова мәлімдеді. Айтуынша мамыр айында ол «Қалаулым» бағдарламасы арқылы танысқан Ислам Алтайбаевпен ажырасып кеткен.
«Біз ажырастық! Бұл желтоқсан айында екі жақты келісіммен қабылданған шешім!
Және осы пост- Сіздер менің өмірімнің бір бөлшегі ретінде, қазір менде болып жатқан маңызды өзгерістерден хабардар болу керексіздер деген оймен жазылған!
19.05.2023 жылдан бастап “Ислам- Шынар” отбасы ресми түрде жоқ! Шынымды айтайын, бұның бәрі жаныма қатты батады, өте ауыр… Себебі, ешбір адам отбасын құрар алдында “кейін ажырасамыз” деп құрмайды! Соңғы 9 ай мен үшін үлкен сынаққа толы болды. Блогта барлығын ашып көрсетпедім… Бірақ,бүкіл бірге құрған арман-мақсаттарыңның көз алдыңда күл паршасы шыққаннын көру оңай емес! Әлі күнге дейін бұл ситуацияны толықтай қабылдау үстіндемін! Ешкімді айыптап, жамандап жазбаймын! Жертва позициясынан аулақпын! Өзімнің өкпе-реніштерімді ешкімге зиянымды тигізбей арнайы маманмен, яғни психологпен шешіп жатырмын!
Бірақ айта кететін бір жәйт бар! Біріншіден, ешбір ана баласының әкесіз өскенін қаламайды!
Екіншіден, ешкім тұрмысқа шығарда, ажырасу үшін шықпайды! Үшіншіден, 9 айда аяғым ауыр болып жалғыз қалған мен едім, бірақ қанша қиын болса да осы уақытқа дейін үндемедім. Босанудың өзі қиын екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,ал сол сәтте бұндай ситуацияны бастан кешіру әлдеқайда қиын! Әркімнің өз шындығы бар, бірақ ортақ шешімі жоқ, сол себепті ары қарай жалғастырудың мәні де қалмады…
Отбасымды сақтап қалуға бар күшімді салдым! Бірақ болмады…Ең бастысы мен өкінбеймін, бұл менің сол кездегі таңдауым еді.Өз тандауымды жамандағаным-өзімді жамандағаныммен тең! Болғанды енді тек менің өткен өмірімнің бір бөлігі ретінде қабылдаймын! Бұл посттың басты мақсаттарының бірі осы ситуацияның толығымен осы жерде нүктесі қойылғанын қаладым! Сіздерден де түсіністікпен қарап, өткен өмірім туралы сұрақ қоймауларыңызды сұраймын,жеке шекараны сақтасаңыздар екен. Өткен өмірімнің жағымсыз сәттерін мамыр айында қалдырып,жазға жаңа деммен қадам басқым келеді!
Сол себепті,бұл жерден поп-корндарын алып,кино, өсек-әңгіме күтіп отырған жандар отписка жасай берсеңіздер болады! Алдағы уақытта менің блогымнан түрлі краскаларға боялған Шынар қыздарыңыздың өмірін, Омартайдың тәтті қылықтарын және де өздеріңізге арналған пайдалы контентті көре аласыздар…Ал, баршамызға сәттілік!», — деп жазды ол.
Көпшілік қос жұптың ажырасқандарын жөн санаған. Олар сондай-ақ шаңырақтың шайқалуына Исламды кінәлаған.