Атырау облысында қайтыс болғандардың атына ақша аударылған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында қайтыс болғандардың атына ақша аударылған

Атырау облысында қайтыс болғандардың атына ақша аударылған

Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын бұзылған.

  • 6 Маусым 2023
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа портал Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Прокурорлар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын бұзылған 100-ден астам фактіні анықтады.

"Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау шараларымен Атырау қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізіліп, мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін төлем 2,4 АЕК-тен 5 АЕК-ке дейін көтерілді. Мүгедектігі бар үш адамның жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылды, оларға қосымша демалыс күндері қамтамасыз етілді", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ жеке көмекшілердің қызметіне тиісті бақылау жүргізілмеген.


"Жеке көмекшілердің 69-ы басқа ұйымдарда жұмыс істеген және қайтыс болған 30 тұлғаға бюджет қаражаты заңсыз аударылған. Бұнымен қоса мүгедектердің қолжетімділігі бойынша талаптарға сәйкес келмейтін әлеуметтік объектілер анықталды", — дейді ведомстводағылар.

Анықталған заң бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.